«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында даниялық «Мидтьюлландқа» қарсы ойнайды.

Осы кездесу алдында даниялықтардың капитаны Якуб Поульсен алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

- «Астана» - еурокубоктерде жинаған тәжірибесі мол, өте мықты команда. Ертең бізді өте қиын кездесу күтіп тұрғанын білеміз. Алайда, жеңіске жете алатынмызға сенемін.

- «Мидтьюлланд» командасы ертең бес қорғаушымен өнер көрсетеді деген сыбыс бар. Бұл ақпарат қаншалықты шандыққа жанасады?

- Бұл сұрақты команда бас бапкеріне қойғаныңыз дұрыс болар.

- «Манчестер Юнайтед» командасына қарағанда, «Астананы» жеңу қиын болады деп ойлайсыз ба?

- «Манчестер Юнайтед» - «Астана» командасымен салыстырғанда мықтырақ, үлкен клуб. Ал астаналықтар болса өз алаңында өте жақсы ойнайды. Бірақ, біздің жеңіске жету мүмкіндігіміз бар.