«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында даниялық «Мидтьюлландқа» қарсы ойнайды.

Осы кездесу алдында елорда командасының қорғаушысы алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

– Біз олардың қандай деңгейдегі команда екенін жақсы білеміз. Сондықтан ертеңгі мачтқа тыңғылықты дайындалып, олардың қарым-қабілетін зерттеп көрдік. Оның үстіне Черногориядағы ойыннан кейін тынығып алуға мүмкіндігіміз болды. Жалпы ертеңгі ойынға дайынбыз деп нық сеніммен айта аламын.

– Ертеңгі ойынды Дания – Қазақстан ойынымен салыстыруға бола ма?

– Меніңше, екі ойынның деңгейі мен маңызы екі бөлек деп ойлаймын. Сондықтан өз басым бұл ойынды ешқандай матчпен салыстырғым келмейді. Барлықтарыңызды ертеңгі ойынға шақырып, командаға қолдау білдірулеріңізді сұраймын.

– Қарсылас команданың қай ойыншысына ерекше мән беру керек деп есептейсің?

– Олардың ойыншыларын жекелей зерттеп үлгермедік. Дегенмен, 33 нөмірде ойнайтын шабуылшысы өте жоғары деңгейде ойын көрсететін білеміз. Ертеңгі матч кезінде оны тұсап ұтсауға, қақпамызға соққы жасатпауға тырысамыз.

– Командаға жаңа келген ойыншылар командаға сіңісіп кетті ме?

– Әрине, олар енді «Астана» клубын ойыншылары. Біз бір команда және бір отбасымыз. Мақсатымыз да бір болған соң барлығымен жақын қарым-қатынастамыз және олармен тез тіл басып кеттік. Барлығы да ертеңгі командаға көмектесуге дайын.