УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» – «Мидтьюлланд» матчы алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук баспасөз жиынына қатысып, журналистердің сұрағына жауап берді.

— Команданың жаңа ойыншылары ертеңгі матчта көмектесе ала ма?

— Өкінішке қарай, ертеңгі матчқа жаңа ойыншыларға толық сенім арта алмаймыз. Өйткені, ол ойыншылар 90 минуттық матчқа толық дайын емес. Сонымен қатар жауапты матч алдында жаңа ойыншыларға сенім артып, тәуекел жасағамыз келмейді. Ертең бізді өте маңызды әрі жауапты матч күтіп тұр. Сондықтан алаңға қай ойыншы дайын, сол шығады.

— Жазғы трнасферде команда сапын толықтырған футболшыларға көңіліңіз тола ма?

— Команда сапын толықтырған барлық ойыншылар көңілім толады деп айта аламын. Біздің құрамды тек осындай ойыншылар ғана күшейте алады. Футболшылардың шеберлігіне күмән келтірмеймін, бірақ олардың командаға толық сіңісіп, баптарына ену үшін аздаған уақыт керек.

— «Мидтьюлланд» командасын черногориялық командамен салыстыруға бола ма?

– Меніңше, екеуі бір-бірін салыстыруға келмейтін командалар. Дат командасы — нағыз атлетикалық клуб. Олар күштік ойын көрсетіп, қапталдардан өте қауіпті шабуыл жасайтынын білеміз. Ертең бізді тағы бір сынақ күтіп тұр. Бірақ жеңістің тойы біздің ауылда болады деп ойлаймын.

— Футболшылардың барлығы жарақаттан аман ба?

— Құдайға шүкір, барлығы дін-аман.

— Жуниор Кабананганың жағдайы туралы не айта аласыз?

қалды. Бұйырса, болашақта Кабананганың көмегі командамызға зор болады деп ойлаймын.

- Келесі кезеңнің жеребе тарту рәсімін көрдіңіз бе?

– Егер мен көрмедім десем, бұл ақымақтың ісі болатын еді. Бірақ қазір бұл туралы сөйлесетін уақыт емес. Маған әлі алдағы екі матч туралы ойлап, команданы келесі кезеңге шығаруым керек.