Елімізде беделді спортшы Денис Тен туралы кітап 5000 данамен басылып шықты. Кітапты Астана қаласының кітапханаларынан оқуға болады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. “Біздің Денис” деп аталатын кітаптың 60-бетінде спортшының өмірбаяны, қызықты сұхбаттары, елі мен өмірі, жанұясы туралы айтқан әңгімелері бар.

Баспа өнімінің беттерінде жас Денистің сирек суреттері, әртүрлі жарыстар мен шараларда түскен суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, оқырмандар кітаптан әлемдік және отандық жұлдыздардың Денис жайлы естеліктерін оқи алады. ҚР Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен кітапқа жас спортшыға арналған өлеңдер де кірді.