Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу рәсімі Токиодағы Қазақстан елшілігінде де өтіп жатыр. Спортшының жапондық табынушылары өз кумирімен қоштасу үшін ұзын-сонар кезекте тұр.

- Қазақстанның Токиодағы елшілігіне Жапония азаматтары ағылып келіп жатыр, олар қазақстандық даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге құрмет көрсетеді. Жапонияда аптап ыстық болса да елдің түкпір-түкпірінен адамдар келіп жатыр, - деді баспасөз қызметіндегілер

Елшілік жіберген видеожазбаларда гүл ұстаған халықтың көңіл айту кітабына жазба қалдыру үшін кезекте тұрғанын көруге болады.