Ұлттық допингке қарсы орталық ережені бұзғаны үшін спорттан уақытша шеттетілген қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Тізімде 2014 жылдан бастап допингке қарсы ережелерді бұзған 70-тен астам қазақстандық спортшының есімі атлған. Олардың қатарында, ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов, теннисші Камила Керімбаева және басқалар бар.

Жақында Дүниежүзілік Универсиада-2015 жеңімпазы Юлия Рахманова дисквалификацияға ұышараған болатын. Ол 2022 жылдың маусым айына дейін үлкен спортқа орала алмайды. Сондай-ақ,бірқатар ауыр атлетика, биатлон, шаңғы жарысы, жүгіру, күрес, муайтай өкілдеріне де жаза тағайындалды.