Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігі) допинг табылған қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Тізімде допингке қарсы ережелерді бұзған 70-тен астам іліккен. Олардың арасында ауыр атлетшілер Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Алмаз Өтешов, теннисші Камила Керимбаева және басқалар бар.

Жақында Дүниежүзілік Универсиада-2015 жеңімпазы Юлия Рахманова дисквалификацияға ие болды. Ол метастеронды пайдаланғаны үшін 2022 жылдың маусым айына дейін спорттан аластатылды. Сондай-ақ биатлон, шаңғы жарысы, жүгіру, күрес, муайтайдан спорт шеберлері дисквалификацияға ілінді.