Иранда өтіп жатқан волейболдан 18 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды prosports.kz.

1/16 финалда Жаңа Зелендия құрамасын 3:0 есебімен жеңген отандастарымыз 1/8 финалда жапон волейболшыларынан дәл осындай есеппен ұтылды.

1/8 финал

Жапония (U18) - Қазақстан (U18) 3:0 (25:13, 25:18, 25:23)

Естеріңізге сала кетейік, турнирге Аустралия, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, Малайзия, Жаңа Зеландия, Оман, Пәкістан, Тайвань, Тайвань, Тайланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония қатарлы 18 құрама қатысты.