29 маусым күні Иранның солтүстік-батысындағы Тебриз қаласында 18 жасқа дейінгі ерлер арасында волейболдан 12-ші Азия чемпионаты өтеді.

Бұл додада 18 құрама бақ сынайды: Австралия, Гонконг, Үндістан , Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, Малайзия, Жаңа Зеландия, Оман, Пәкістан, Қытайлық Тайбэй, Таиланд, Түркменстан, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония.

Командалар рейтингке сәйкес үш құрамадан 6 топқа бөлінген. Біздің құрама 30 маусым күні Үндістанмен, 1 шілде күні Оманмен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, құрлық біріншілігі U19 катеогориясында 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу болын саналады. Әлемдік додаға азиялық турнирдің үздік төрт командасы иеленеді.