Алатау бөктерінде бұрын соңды болмаған дүбірлі дода өтеді, деп хабарлайды prosports.kz тілшісі.

6 шілде күні, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен жастар арасындағы ұлттық құрамалардың кездесуі өтеді. Бұл күні Қазақстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан және Қыргызстан сынды күрес алпауыттары кім мықтыны анықтайды.

Жарыс кубоктық форматта, он салмақ дәрежесі (57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125) бойынша өтеді. Турнир елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылуда. Ал ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясы бұған дейін хабарлағандай Қазақстан командасының негізін еркін күрес академиясының жас балуандары құрамақ.