6 шілде күні Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде еркін күрестен ұлттық құрамалар арасындағы кездесу өтеді, деп хабарлайды prosports.kz тілшісі.

Осыған орай, еркін күрес академиясының басшысы, бас бапкері, Олимпиада чемпионы Қажымұрат Гацалов еліміздің құрамын жарияламаса да турнирге басым көпшілігі академияның жас балуандары қатысатынын айтты.

Естеріңізге салайық, жарыс он салмақ бойынша кубоктық форматта өтеді.