Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық клубтардың УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдеріне қатысуымен байланысты футболдан Премьер-лига клубтары арасында 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан Чемпионатының матчтарының өтетін мерзімі өзгергені жөнінде хабарлайды.

ХVI турдың «Астана»-«Ордабасы» матчы 2018 жылдың 1 шілдесінен 30 маусымға ауыстырылды.

ХVII турдың «Тобыл»-«Астана» матчын 2018 жылдың 6 шілдесінен 5 шілдеге ауыстырылды.

ХVIII турдың «Қайсар»-«Тобыл» матчы 2018 жылдың 14 шілдесінен 15 шілдесіне ауыстырылды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі тиісті шешімдерді клубтардың екі жақты келісімінің негізінде қабылдады.