Футболдан әйелдер арасында Қазақстан Чемпионатының бесінші туры аяқталды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

Қазақстан Чемпионатының бесінші турында «ДЮСШ № 7 - БИІК» командасы ел чемпионы «БИІК-Қазығұрт» командасына 0:3 есе жіберді. Бірінші таймның соңғы минутында Кейлин Корте есеп ашса, екінші таймда Сәуле Кәрібаева екі гол соқты.

Екінші ойында ОСДЮСШ № 2 командасы «Намыстан» 5:1 есебімен танысты. Кездесудің он сегізінші минутында Зарина Дәулетқұлова «Намысты» алға шығарған. Алайда, ақтөбелік Әсел Көбесова қатарынан үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. Төртінші голды Жансая Көпжанова, тағы бір голды «Намыс» ойыншысы Карина Фатрахманова өз қақпасына соғып алды.

5-тур

20 маусым

«ДЮСШ № 7 - БИІК» (Шымкент) – «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент) - 0:3 (0:1).

Голдар: Кейлин Корте 45, Сәуле Кәрібаева 49, 87.

Ескерту: Екатерина Бабшук 10.

«ДЮСШ № 7 - БИІК»: Ангелина Гайер, Евгения Ларина (Фаиза Исмаилова, 88), Тамара Спаданейко, Лидия Власова, Александра Бурова (Сурая Шамсудинова, 78), Александра Сатлер, Айнұр Қабылбаева (Ольга Волкова, 46), Виктория Попкова, Айша Садықова (Эльвира Нарбек, 66), Әселхан Тұрлыбекова (Надежда Иванюк, 87), Татьяна Аверина (Айдана Серікбай, 87).

«БИІК-Қазығұрт»: Оксана Железняк, Дарья Кравец, Эшли Розенквист, Ұлболсын Жолшиева, Камила Құлмағамбетова, Кейлин Корте, Карина Жұмабайқызы, Адиля Вылданова, Екатерина Бабшук, Светлана Бортникова, Сәуле Кәрібаева.

Төрешілер: Жарылқасымов, Арыстанбай, Боранбаева (барлығы - Шымкент)

20.06.2018. Шымкент, «БИИК» ФО стадионы.

5-тур

20 маусым

ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе) – «Намыс» (Шымкент) - 5:1 (2:1).

Голдар: Әсел Көбесова 30, 45, 52, Жансая Көпжанова 56, Карина Фатрахманова 70 (автогол)Зарина Дәулетқұлова 18.

ОСДЮСШ № 2: Әсем Жақсымбай, Құндыз Қожахмет, Алевтина Закаряева, Назым Айтмағамбет (Сандуғаш Қожахмет, 73), Әйгерім Амангелді, Айдана Жәутікова, Фатима Сатығалиева, Әсел Көбесова, Лейла Садықова, Жансая Көпжанова, Камила Тұрдиева (Ева Малинко, 46).

«Намыс»: Әйгерім Түймебаева, Зейнеп Амантай, Алена Иванова, Зияда Сұлтанова, Карина Фатрахманова, Сабина Махаматова, Аида Ақылбек, Лаура Рахметжан, Дарья Алисина, Перизат Серік, Зарина Дәулетқұлова (Александра Скуратова, 60).

Төрешілер: Абжан, Филипчук, Орынбаев (барлығы - Шымкент)

20.06.2018. Шымкент, «БИИК» ФО стадионы.