Былтыр «Қайраттың» фарм-клубында ойнаған ивуарлық Мохамед Конате армениялық «Пюник» сапына ауысты.

20 жасар шабуылшыны Андрей Талалаев Арменияға шақырған.

Конате былтыр «Қайрат А» сапында 12 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Айта кетейік, қостанайлық «Тобыл» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықса, «Пюникпен» кездесуі мүмкін.