«Реал» клубы бас бапкер Хулен Лопетегиті ресми таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Испаниялық маман мадридтік командамен үш жылдық келісімге отырды. Хулен Лопетеги бұған дейін «Порту», «Райо Вальекано» клубтарында қызмет атқарған.

Хулен Лопетеги «корольдік» командамен келісімшартқа отырған соң Испания федерациясы бапкерді Ұлттық құраманың тізгінінен босатты. Бұған себеп, бас бапкердің өз бетімен «Реал Мадрид» командасымен келіссөз жүргізуі болып отыр.

Естеріңізге салсақ, «Реал» клубы Зинедин Зидан қызметінен кеткен соң бапкерсіз қалған. Француздық маман екі жарым жыл қызмет еткен уақытында Чемпиондар лигасында үш рет топ жарды.

Айта кетсек Испания құрамасы Әлем чемпионатында Португалия, Марокко және Иран құрамаларымен бір топта ойнайды.