"Thailand Open International Tournament" халықаралық турнирінде қазақстандық джитсерлер топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі

Тайландта өткен халықаралық додада отандық спортшылар 15 мемлекеттен келген 400-ге жуық кіл мықтылардың бәсекесінде, 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медальды қанжығаларына байлады. Олар;

Алтын Сейдуəли Нұржан Нортаев Дархан Нұртақанов Олжас Құсаинов Рамазан(файтинг, не-ваза) ⠀ КҮМІС Гаврилюк Андрей ⠀ ҚОЛА Қонысов Қуандық Мекенбаева Арайлым Дуванова Галина

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында джиу-джитсудан Азия чемпионаты Ақтау қаласында өтеді. Аталмыш дода елімізде алғаш рет өз жалауын желбіретпек.