8-9 маусым күндері Ригада ТМД, Балтық жағалауы елдері және Грузия Ұлттық Олимпиада комитеттерінің жетекшілеріне арналған форум өтуде.

Форумды Латвия ұлттық олимпиада комитеті Олимпиадалық ынтымақтастық және ТМД елдері Олимпиада комитеттерінің қауымдастығы қолдауымен өткізуде.

Форумға ТМД, Балтық жағалауы елдері және Грузия ұлттық олимпиада комитеттерінің өкілдері қатысуда.

Екі күндік жиын барысында қатысушылар өзара ақпарат пен тәжірибе алмасып, өз елдеріндегі олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған таныстырылымдарын көрсетеді.

Аталған форумға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан Қазақстан ҰОК президентінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаев қатысып жатыр.