Еліміздің үздік футболшыларының бірі Ұлан Қонысбаев тура екі жылдан кейін жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Аса ауыр жарақат алған Ұлан биыл көктемде «Ақтөбе» командасымен келісімшарт жасасқан болатын. Алайда, ресми матчқа бүгін ғана қатысты.Бірінші лиганың 12-ші туры аясында өткен «Ақтөбе Жас» пен «Қайрат А» арасындағы ойында негізгі құрамда шыққан Қонысбаев алаңда 45 минут өнер көрсетті.Естеріңізде болса, Ұлан осыдан екі жыл бұрын, 2016 жылы 7 маусым Қытай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған болатын.