«Астана» командасының шабуылшысы Джордже Деспотович жазғы трансферлік кезеңде елордалық клубтан кетуді көздеп отырған көрінеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Отандық ақпарат құралдарына жазылуынша, сербиялық ойыншы Mondo.rs-ке сұқбат беріп, осындай ойымен бөліскен.- Менің «Астанамен» желтоқсан айына дейін жарамды келісімшартым бар. Бірақ, мен оны мерзімінен бұрын тоқтатқым келеді. Егер мүмкін болса жазғы ауысым кезінде командадан кетуге қарсы емеспін. Әрі осы бағытта клубпен келіссөз жүргізіп жатырмын. Мен Қазақстанда 2015 жылдан бері доп теуіп жүрмін. Шынымды айтсам, қазақстандық футболдан шаршадым. Енді жаңа ортада өзімді сынап көргім келеді.Естеріңізде болса, дәл осы Деспотович наурыз айында АҚШ асқан болатын. МЛС-те бақ сынайтын «Лос-Анджелес Гэлаксиге» ауысқан еді. Алайда, атақты Златан Ибрагимовичті қатарларына қосқан америкалық клуб Джорджені "жолың болсын" деп елге қайтарған.Бірақ, сербиялық шабуылшы ҚПЛ-да да жарытып ойнап жүрген жоқ. Футболшының өз сөзімен айтқанда, гол соқпайтын шабуылшыдан қазақ жанкүйерлері де шаршаған. Кетем десе ешкім жолын тоспауы мүмкін.