Алдағы маусымда Еурододалардың іріктеуіне қатысатын қазақстандық клубтар FIFA 19 ойынында пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.9 маусымда Лос-Анджелесте өткен E3 2018 ойын-сауық шоуында EA компаниясы EA Sports FIFA 19 ойынының аңдатпа нұсқасын ұсынды. Биыл жанкүйерлер үшін басты жаңалық - канадалық компанияның UEFA-мен келісімшартқа қол қойғаны болып отыр. Енді ойынның жаңа нұсқасына UEFA Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы қосылды.

Демек, аталған турнирледің іріктеуіне қатысатын қазақстандық клубтар топтық кезеңге шығып жатса, онда FIFA 19 ойынына кіретін болады.Естеріңізге сала кетейік, ел чемпионы «Астана» Чемпиондар Лигасының, ал «Қайрат», «Ертіс» және «Тобыл» командалары Еуропа лигасының іріктеу турниріне қатысады.