Ресейдің Тверь қаласының маңында танымал спортшы Иван Мартыневич жол апатынан қаза болды. Үш дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін Еуропа және Ресей чемпионы Санкт-Петербургтегі жарыстан келе жатып опат болған, - деп хабарлайды Газета.Ru.

31 жастағы спорт шебері Мәскеуге дейін көлікпен баруды ұйғарған, ары қарай ол өзінің туған қаласы Омбыға дейін ұшып баруды жоспарлап отырған. 28 мамырда таңғы уақытта спортшы отырған автомобиль жүк көлігіне соқтығысты.

"Әзірше не болғаны белгісіз. Жүргізуші ұйықтап кеткен болуы мүмкін", - деді Иванның бапкері Виктор Елисеев.

Санкт-Петербург қаласында өткен Ресей біріншілігінде Мартыневич 68 келіге дейінгі жарыста қола медаль иеленді. Атлет сыйлығын үйіне алып бара жатқан. Ресейлік кір тасын көтеру спорты федерациясы спортшының туыстарына көмектесу үшін қаражат жинау үшін ресми сайтында жариялады. "Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - делінген хабарлада.