Қысқа таныстырылымда Pandi өзінің спорттағы ептілігін көрсетіп, Ойынның ашылу салтанаты өтетін Obelisco монументіне келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, #Pandi ұйымдастыру комитетінің Буэнос-Айрес 2018 ойындары гендерлік теңдік қатаң сақталып, спорт арқылы әлемді шабыттандыруға шақыратын бірінші ойын болатынын бейнелемек.

«Жас спортшылар бар күшін салып, Ойынға дайындалып жатыр. Ал Буэнос-Айрес 2018 бойтұмары жастарды одан әрі жігерлендіріп, олимпизм мен спорт рухын асқақтатады», - дейді Буэнос-Айрес 2018 ұйымдастыру комитетінің президенті Херардо Вертхайн.

Жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмары Олимпиададағы достық пен сыйластықтың беделін арттыру үшін негізгі роль ойнамақ.

Сондай-ақ, Аргентинаның солтүстік аймағында табылған ягуар жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осы орайда, ойындардың бойтұмары ретінде аталған аңды таңдаған ұйымдастырушылар Олимпиада арқылы ягуарды жойылып кетуден сақтауға тырыспақшы.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанның жас спортшылары Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінде бақ сынап, жолдамаға талас жүргізіп жатыр.