Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы Қайрат Сатыбалды және ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан өзара ниеттестік хатына қол қойды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үшжақты келісімнің мақсаты - Қазақстандағы ұлттық спортты дамытуда бірге жұмыс істеу және 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын ұйымдастыруға ниеттестік білдіру.

Еске сала кетсек, 2021 жылы ЮНЕСКО аясында алғаш рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Бұл бәсекені ұйымдастыруға лайықты төрт мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар.