Чемпиондар лигасының финалында «Реал» мен «Ливерпуль» кездесіп испандық ұжым 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойынның бірінші таймында Рамоспен қақтығысып қалған «Ливерпуль» клубының ойыншысы Мохамед Салах алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Ағылшындық клуб жанкүйерлері Рамос қарсыласын әдейі жарақаттады деп есептейді.

Өзін мысырлық ойыншының жанкүйерімін деп таныстырған белгісіз азамат change.org сайтында Рамасты жазалу керек деп қол жинап бастапты.

Қазірдің өзінде бұл бастаманы 300 мың адам қолдап отырған көрінеді.

Жанкүйерлер Рамостың финалдағы әрекеттері өскелең ұрпаққа теріс тәрбие береді дегенді алға тартып, УЕФА және ФИФА ұйымдарынан испандыққа қатысты шара қолдануын сұрауда.

Кейін белгілі болғандай финал кезінде Рамос қарсылас команданың қақпашысын шынтақпен ұрып құлатқан.

Ойыннан соң Рамосты кінәсіз дейтіндер де, кінәлі дегендер де табылып жатты.