«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Маруан Феллаини мен «Лион» шабуылшысы Мемфис Депай «Милан» командасына ауысуға қарсы емес.

УЕФА «Милан» клубын еурокубоктерден шеттетуі мүмкін. Алайда қос ойыншы да бұған қарамастан миландық клубқа ауысуға дайын.

Депай үшін «Лион» 40 млн еуро алғысы келеді. Ал Феллаиниді МЮ клубы 10 млн еуроға жіберуге дайын.