Футболдан Ресейде өтетін Әлем чемпионатының басталуына айдан аз уақыт қалды.

Төрт жылдықтың басты жарысына жолдама алған құрамалар бірінен соң бірі Әлем чемпионатына қатысатын ойыншыларды таныстырып жатыр.

Каталониялық «Барселона» клубының ойыншылары да өз ұлттық құрамасына шақыртулар алуда. Испандық клуб қатарынан он төрт ойыншы Әлем чемпионатына қатысады. Ең қызығы қаталондық клубтың ойыншылар Әлем чемпионатының әр тобында бар болып шықты.

Мысалға: Луис Суарес (Уругвай, A тобы), Андрес Иньеста, Серхио Бускетс, Жерар Пике, Жорди Альба (Испания, B тобы), Самуэль Умтити және Усман Дембеле (Франция, C тобы), Лионель Месси (Аргентина, D тобы), Иван Ракитич (Хорватия, D тобы), Марк-Андре Тер Штеген (Германия, E тобы), Филиппе Коутиньо және Паулиньо (Бразилия, F тобы), Томас Вермален (Бельгия, G тобы), Йерри Мина (Колумбия, H тобы)