«Ювентус» клубындағы соңғы ойынын өткізген Джанлуиджи Буффон жақын арада ПСЖ командасымен келісімге отыруға дайын.

Екі жақ арасындағы келіссөз түзу жолда сияқты. Париждік команда италияндық қақпашыға негізгі құрамнан орын беруге уәде беріп отырған жоқ.

Буффон туриндік командадағы соңғы ойынын «Веронаға» қарсы ойында өткізді.