Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Бүгін грек-рим күресінен 48 келіде бақ сынайтын жас балуанымыз Исхар Курбаев құрлық чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда ирандық балуанға 7:4 есебімен есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 10-13 мамыр аралығында өтеді.
Комментарии