Отан қорғаушылар күніне орай Sputnik Қазақстан үкімет мүшелерінің қандай спорт түрімен айналысатынын анықтады.

Еліміздің бас педагогы — білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хоккей ойнайды. Білім министрі бұл спорт түріне аптасына екі күн арнайды екен.

Ерлан Сағадиев

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кәсіби тұрғыда ешқандай спорт түрімен айналыспаса да, мүмкіндігіне қарай фитнес-орталыққа барып тұратынын айтты. Осы орайда министр мырза қазақстандықтарға салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.