Қазақстандық Геннадий Головкиннің алдағы қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян GGG-ді жеңуге неге жігерленіп жүргенін айтты.

«Әйелім өзінің менен кейінгі ең сүйікті боксшысы Геннадий Головкин екенін айтатын. Сондықтан, алдағы жекпе-жекте оны жоқ қылуым керек! Дон Кинг хабарласып, 5 мамырда кездесу өткізуді ұсынған кезде, бас тарта алмадым», - деді Мартиросян Boxingscene-ге берген сұқбатында.

Айта кетейік, Головкин – Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді.