Норик Мартиросянның айтуынша, оның ұлы жекпе-жекте бар өнерін салады."Менің ұлым үлкен жекпе-жекке шығады, оны сеземін. Мен қатты қобалжып, күтіп жүрмін. Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады. Осының өзі мені қуантады. Ол барлығына дайын, көп жаттығады. Сол себепті де барлығы да жақсы. Біз жекпе-жек туралы күн сайын талқылаймыз. Жаттығулар жайлы, алдағы жекпе-жек туралы сөйлесеміз. Ол тыңдай біледі. Біз Головкинді қатты құрметтейміз, ол екеуі көрермендер күткен жекпе-жек ұйымдастырады дегенге сенемін", - деді ол.Журналистің жекпе-жек алдында Ванеске не айтасыз деген сұрағына америкалық боксшының әкесі былай деп жаупа берді: "Оларға барлық мүмкіндігіңді көрсет. Онымен айқас, қашпа. Тең түсу жайлы ойлама да. Мен оған тек соңына дейін жұдырықтасуды тілеймін. Сол жекпе-жекте кім мықты екені анықталады. Меніңше бұл тартысты кездесу болады", - деп жауап берді.