IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эррол Спенс Джермалл Чарло Головкинді жеңетінін айтты. 21 сәуірде Чарло WBC тұжырымы бойынша «уақытша чемпион» атағына тартысып Уго Сентеноны ұтты. Артынша Джермалл Головкинді жекпе-жекке шақырды. «Джермалл расымен мықты, - деді Спенс FightHype-қа берген сұқбатында. Меніңше, ол Головкинді жекеді. Себебі жылдамдығы жоғары және ақылды боксшы".