Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалауын желбіретеді.

28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент қаласында күрес түрлерінен дүбірлі дода өтеді. Еліміздің ең үздік балуандары боз кілемде өзара мықтыны анықтамақ.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында өту керек болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты Шымкент қаласына ауыстырылды.