Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы Б тобының соңғы турында Латвия командасымен кездесті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті жазды.

Тартысты өрбіген ойын латвиялықтардың пайдасына шешілді.

Қазақстан құрамасы сапында Алена Фукс үздік ойыншы атанды.

Осылайша, хоккейші қыздарымыз әлем чемпионатында бес матч өткізіп, 7 ұпайға қол жеткізді.

Қазақстан - Латвия 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

0:1 - Озмена (Лагздина ) - 27:26

Қақпашылар: Дмитриева - Апсите