Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандастарымыз аталған доданың I дивизионындағы В тобында Латвия командасымен кездесті. Аса тартысты өткен жарыс жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз шайбаны Сарма Озмена соғып, Латвия командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Қазақстан Польша мен Қытай командаларын жеңіп, Оңтүстік Корея, Италия және Латвия командаларынан жеңіліп қалды.

Қазақстан - Латвия 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)

Шайба: 0:1 - 27:26 Озмена (Лагздина).

Қақпашылар: Дмитриева - Апсите.