Ресейлік танымал сайттардың бірі «Советский спорт» жақында мақала жазып, «Краснодар» командасын баптауы мүмкін жеті бапкердің атын атады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бізді таңғалдырғаны, бұл тізімде Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюктің де есімі аталып отыр.Леонид Слуцкий, Сергей Семак сынды мықты мамандардың қатарында Бородюк бапкердің де жүргеніне қазақстандық жанкүйерлер сенбеуі мүмкін. Себебі, Александр мырза біздің елге екі мәрте келіп, екеуінде де масқара болып қызметтен қуылған еді.

Алғашқысында алматылық «Қайраттың» тізгінін ұстаған ресейлік бапкер чемпионаттың алғашқы бес туры өтпей жатып жеңілгенін мойындап, еліне қашқан еді. Ал екіншісінде біздің бас командамызды баптаймын деп өз деңгейінің төмендігін тағы бір мәрте көрсетіп алған болатын.

Бірақ, Бородюктің біліктілігіне ресейлік мамандардың өзі оң баға беріп отырған жоқ. Тіпті «Краснодарға» оның кандидатурасын ұсынған сайттың өзі бапкерлік салада Бородюктің жолы болмай жүргенін мойындайды. Гус Хиддинк, Дик Адвокат қатарлы атақты бапкерлермен бірге жұмыс істегенімен, олардан алғаны көп емес секілді, деп жазып отыр.