Сенегалдық шабуылшы Малик Мане оралдық клубпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Ақжайықтың» баспасөз-қызметі хабарлады.

Малик Мане бұған дейін «Ақтөбе» мен «Таразда» ойнаған. Сондай-ақ, Сенегал, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Аустралия және Қытай чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Сенегал құрамасы сапында бір матч өткізді. «Ақжайық» сапында Мане 7-нөмірмен ойнайды.