Рустам Сахибов: Алға жылжуымыз керек «Ақтөбе-Жас» капитаны Рустам Сахибов өз командасының маусымдағы алғашқы ойынына пікір білдірді Рустам Сахибов: Алға жылжуымыз керек

-Біздің тек чемпионат алдында ғана жиналғанымыз өз әсерін тигізді деп ойлаймын. Оған қоса, бүгін біз құрамында көптеген тәжірибелі ойыншылары бар қарымды қарсыласпен ойнадық. Білесіз бе, біздің жеңіліп қалғанымыз да жақсы болған шығар. Жігіттер өсу үшін, алға жүру үшін, өз қателіктерінен сабақ алу үшін ынталана түседі. Жаттығуда талмай еңбектеніп, әр ойында барын салып ойнар болсақ, біз бірнеше турдан соң ойынымызды жақсартып, ұпай жинай алатын деңгейге жетеміз деп ойлаймын. Әзірге бүгінгі ойыннан сабақ алып, алға жылжуымыз керек!