Оңтүстік Кореяның Пхенчханында өткен ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарына қатысушы спортшылар елге оралды. Кеше Астана әуежайында оларды туыстары, достары, әріптестері ҚР МСМ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Паралимпиада-2018 жеңімпаздарының ішінде Александр Колядин бар. Ол шаңғы жарысындағы 1,5 км қашықтықтағы спринтте бірінші болып келіп, еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Қостанай облысының тумасы алтын медалі үшін 250 мың доллар алады. Сонымен қатар, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов параатлетке пәтер сыйлайтынын мәлімдеген болатын.