Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Италияда өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.

21-24 наурыз аралығында Италияның Милан қаласында өтетін байрақты бәсекеде отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева да сынға түседі. Әлемнің ең үздік спортшылары бақ сынап, әлем чемпионы атағына таласатын жарыста тағы бір отандасымыз Абзал Рақымғалиев та бақ сынайды.

Айта кетейік, Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарының да қола медалін еншілеген болатын