Оңтүстік Кореяда өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсеткен қазақстандық спортшылар ҚР Үкіметінің 19.12.2014 ж. №1314 Қаулысына сәйкес ақшалай сыйақыларын алды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваға 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар, спортшының жеке бапкері, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен алғашқы бапкері де ақшалай сыйақы алды.

Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы эстафета жарысында алтыншы орын алған шорт-трекшілер Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, сондай-ақ ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков пен спортшылардың жаттықтырушылары 5 мың АҚШ долларынан сыйақыларға ие болды.