Испандық БАҚ таратқан мәліметке сенсек «Барселона» ойыншысы Лионель Месси ПСЖ шабуылшысы Неймардың каталондық клубқа қайта оралғанын қалайды.

Аргентиналық ойыншы бұл ойын клубтастарына жеткізген. Алайда «Барселона» президенті Хосеп Бартомеу Мессиге кере қар пікірде.

«Барселона» клубында Неймардың оралғанын қалайтын тек Месси ғана емес. Сондай-ақ Иван Ракитич пен Филиппе Коутиньо да бразилиялықпен бірге ойнағысы келеді.