«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Арда Туран шаңырақ көтерді.

Туранның некеге отыру рәсіміне Түркияның президенті Реджеп Эрдоган келіп, куәгер болған.

Қонақтар қатарында Эрдоганның әйелі, сондай-ақ, Туранның бауыры «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Эмре Белезоглу келді.

Айта кетейік, биылғы қысқы трансфер кезінде Арда Туран «Барселонадан» түркиялық «Истанбулға» ауысқан болатын.