Франциялық ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар париждік клубтан кетіп, мадридтік «Реалға» ауысқысы келеді.

The Mirror ақпаратына сүйенсек, Неймар өзінің әкесі әрі агентінен мадридтік клубпен келіссөзді бастауды сұраған. Бразилиялық футболшы «Корольдік клубқа» 14 маусымда басталатын әлем чемпионатына дейін ауысқысы келеді.

Бірақ париждік клубтың басшылығы өзінің жұлдыз футболшысын командада ұстап қалуға тырысады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалында ПСЖ мадридтік «Реалдан» ұшып кеткен болатын.