«Астана арландары» алдағы жексенбіде «Ресей патриоттарымен» шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті жекпе-жектері Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстандық команда сапында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Бекзод Халметов және Шаймұрат Құсайынов пен Нұрсұлтан Аманжолов жұдырықтасады.

Жекпе-жектер 52,60,69,81 және аса ауыр салмақтарда өтеді. Ресейлік командамен біздің жігіттер ақпан айында Бурабайда кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Санкт-Петербургтегі бокс кешін жанкүйерлер «Хабар» арнасынан 11 наурыз күні кешкі сағат 22:00-де көре алады.