Мексикадағы танымал экстрасенс, астролог Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты болжам жасады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Менің болжауымша, бұзылған етпен немесе етсіз-ақ «Канело» бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді», – дейді Виденте.

Бұған дейін Виденте Голвкин мен «Канелоның» 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен жекпе-жегіне қатысты болжам жасаған еді.

«GGG –өте мықты қарсылас. Сондықтан «Канело» абай болуы керек. «Канело» 11-раундта жеңіп, нәтижесінде судьялардың бірауыз шешімімен жеңіске жетеді», – деп көріпкел алғашқы жекпе-жекке қатысты болжам жасаған еді.

Айта кетсек, «Канелоның» допинг қолданбағаны расталса, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі 5 мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді.