Желіде Щучьеде өткен бокстан ТМД ашық кубогының жеңімпазы Назым Қызайбайдың зілдей балғамен жаттығу жасап жатқан сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеоны Ақмола» облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Әйелдер арасындағы бокс бойынша екі дүркін әлем чемпионы и еліміздегі ең стильді боксшы Назым Қызайбайдың жаттығу жасап жатқан сәті. Сырттай нәзік көрінетін Назым кеше Щучьеде өткен бокстан ТМД ашық кубогының жеңімпазы атанды. Құтты болсын!» – деп жазды Марат Иғали.

Айта кетсек, 7 наурызда Щучьеде өткен бокстан ТМД ашық кубогының чемпионатының ақтық кезеңі өтті. 51 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Назым Қызайбай Жайна Шекеровамен айқасқа түсіп, жеңіске жетті.