Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қарсыласы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) допингпен ұсталып басы бәлеге қалған еді.

Мексикалық боксшы 3 және 5 наурыз күндері тағы да допинг тексерістен өткен екен. Тексеріс нәтижесі оның қанында кленбутерол және басқа да тыйым салынған заттардың болмағанын көрсеткен, деп хабарлайды Prosports.kz RingPolska сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса қос боксшы арасында өткен алғашқы кездесу төрешілердің шешімімен тең аяқталған. Екі боксшы арасындағы екінші кездесу бесінші мамырға жоспарланған. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.