Біріккен күрес кеңесінің мүшеcі, халықаралық дәрежедегі төреші Урош Йованович prosports.kz тілішісіне арнайы сұхбат беріп қазақ күресі, күрестегі допинг және Қазақстан жайлы ойымен бөлісті.

- Урош, сіз Біріккен күрес кеңесінде (UWW) қызмет жасайсыз. Өзіңіз жайлы толықтырып айтып берсеңіз.

- Ия, UWW ұйымында жұмыс атқарамын. Нақтырақ айтсам, «Қазақ күресі», «Алыша» сынды олимпиадалық емес күрес түрлеріне жауаптымын. Олимпиадалық күрес түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі төрешімін. Сонымен қатар, Сербия күрес федерациясының қарамағындағы дәстүрлі күрес түрлері комитетінің хатшысы болып істеймін. Күрес түрлерінен өтетін форумдарға да үнемі қатысып тұрамын.