Ел не демейді ...
Күрес

Урош Йованович: Сербия халқы қазақ күресі жайлы көп білмейді

Урош Йованович: Сербия халқы қазақ күресі жайлы көп білмейді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес кеңесінің мүшеcі, халықаралық дәрежедегі төреші Урош Йованович prosports.kz тілішісіне арнайы сұхбат беріп қазақ күресі, күрестегі допинг және Қазақстан жайлы ойымен бөлісті.

- Урош, сіз Біріккен күрес кеңесінде (UWW) қызмет жасайсыз. Өзіңіз жайлы толықтырып айтып берсеңіз.

- Ия, UWW ұйымында жұмыс атқарамын. Нақтырақ айтсам, «Қазақ күресі», «Алыша» сынды олимпиадалық емес күрес түрлеріне жауаптымын. Олимпиадалық күрес түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі төрешімін. Сонымен қатар, Сербия күрес федерациясының қарамағындағы дәстүрлі күрес түрлері комитетінің хатшысы болып істеймін. Күрес түрлерінен өтетін форумдарға да үнемі қатысып тұрамын.

- Жасыратын жоқ соңғы кезде күрес қызықсыз болып барады. Сол себепті күреске көптеген өзгерістер енгізілуде ...

- Бұл шешім техникалық комиссияның шешімі. Біз жаңа ережелерге бағынуға міндеттіміз. Әрине соңғы кезде күресті қызықсыз деушілер көп. Ол сөздердің де жаны бар. Меніңше, еркін және әйелдер күресі грек-рим күресіне қарағанда әдемі әрі қызықтырақ көрінеді.

- Заманауи спортта допинг мәселесі өршіп кетті. Әлемге әйгілі спортшылар допингпен ұсталуда. Оған көзқарасыңыз қандай?

- Мен өз уақытымды допинг мәселесіне жоғалтқым келмейді. Допинг барып тұрған жауздықтың белгісі. Допинг қолданған спортшылар қатаң жазалануы тиіс. Бақылау органдары спорттан шеттетілу және айыппұл мәселесін қайта қарастыруын да құптаймын.

- Біріккен күрес кеңесінің басшысы Ненад Лалович сізге бөтен адам еемес сияқты?!

- Ия, Лалович мырза Сербия азаматы. Менің жерлесім, 15 жыл жақын араласып келе жатқан жақын досым. Оның президент болуы біздің елде күрестің дамып, танымал спорт түріне айналуына көмегі тиіп жатыр.

- Жоғарыда айтқандай сіз UWW ұйымында қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлері үшін жауаптысыз. Қазақ күресі болашақта олимпиадалық спорт түріне ене алады ма?

- Мен қазақ күресі жайлы көп білемін. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік қазақ күрес федерациясының техникалық хаттамалар комиссиясның мүшесі болып жұмыс істеймін. Сербия халқы Қазақ күресі жайлы көп білмейді. Өткен жылы Сербияда тұңғыш рет олимпиадалық және олимпиадалық емес күрес түрлері бойынша Еуропа чемпионаты өтті. Сол құрлық сайысында олимпиадалық емес күрес түрлері қатарында Қазақ күресі де болды. Ал бұл күрестің Олимпиада бағдарламасына енуі қиын сұрақ. Алайда, мен және менің федерациям қазақ күресінің танымал болуы үшін жұмыс атқарып жатырмыз.

- Сербияда командалық спорт түрлері жақсы дамыған. Әлемге әйгілі спортшылар да көп. Оның сыры неде?

- Сербия – өте кішкентай мемлекет. Сербия халқы отаншыл келеді және сербиялық екенін мақтан тұтады. Меніңше, спорттағы нәтиженің негізі осы отансүйгіштікте жатыр. Өзіңіз айтқандай, біз кейбір командалық спорт түрлерінен мықтымыз. Тенннистен Новак Джокович, тапаншамен оқ ату спортынан Зорана Арунович сынды танымал спортышларымыз бар. Бірақ Рио Олимпиадасынан кейін Давор Штефанек «аспанды жерге аударды». Давор грек-рим күресінен Сербия тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Бұл біздің спортшыларға үлкен жігер беріп, күреске деген құлшынысын арттырды.

- Сербияда баскетбол спорты өте жақсы дамыған. Еліңізде Милош Теодосич танымал ма, әлде Давор Штефанек па?

- Рио ойындарынан кейін Давор Штефанек біздің және көрші елдерде үлкен танымалдыққа ие болды. Әрине, Милош Теодосич Давордан танымалырақ. Себебі танымал спорт түрімен айналысады. Ал егер нәтижелерге көз жүгіртер болсақ, Сербия күрестен әлемдік және құрлықтық жарыстарда ең көп медаль жеңіп алған. Мысалға, біздің елде үлкен жарыстан соң Белградтың орталығында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу дәстүрге айналған. Ташкенттегі әлем чемпионатында топ жарған Давор сол орталықта стұрып барша Сербия халқына Рио Олимпиадасының алтынын сыйлайтынын айтқан болатын. Ол оған қол жеткізіп, халықтың ықыласына бөленді. Қазіргі таңда ол Сербия спорт асоциациясының президенті қызметін атқаруда.

- Давор Штефанек Пекин Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевпен көп жылдар бір салмақта күресіп, кілемде қарсылас болған ...

- Мен Нұрбақыт Теңізбаевты жақсы танимын. Нұрбақыт өте мықты балуан.

- Қазақстандық балуандардан тағы кімді танисыз?

- Қазақстан мен КСРО-ның даңқты баллуаны, UWW Asia ұйымының президенті Дәулет Болатұлы Тұрлыханов менің сенімді әрі жақсы досым.

- Қазақстанда болдыңыз ба? Егер болсаңыз біздің мемлекет сізге ұнады ма?

- Ия, мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Алматы, Атырау, Астана қалаларын көрдім. Мен сіздердің елдеріңізді, ұлттық тағамдарыңызды, дәстүрлеріңзді ұнатып қалдым. Өткен жылы Астанада өткен Бүкіләлемдік Қазақ күресі съездіне қатыстым. Болашақта Қазақстанға жиі келіп тұрамын деген ойдамын.

- Сұхбатыңызға рахмет!!!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер